"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі:
"Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 146 (2014 жылғы 6 мамырда "Әулиекөл" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген);
"Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 152 (2014 жылғы 6 мамырда "Әулиекөл" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4666 тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы | С. Максютова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Койшибаев |