Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 152 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 4666 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 376 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 17.01.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тоғызыншы сессияның төрайымы

А. Кеңесбаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

КЕЛІСІЛДІ


Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев


атындағы ауылының әкімі


____________ Қ.К.Алпыспаев



  Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы
№152 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерін сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының әкімі шақырады.

      Әулиекөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылдың шегінде бөлек жиынды өткізуді Қ.Тұрғынбаев атындағы ауыл әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылдың тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылдың көшелері, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылының әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы №152 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауылдың жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғынбаев атындағы ауыл тұрғындары үшін

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады