Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 28.10.2020 № 326 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Ахметов |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |