"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Жітіқара ауданының аумағында үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 қаулысының (2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 114 қаулысына қосымша |
Жітіқара ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 30.05.2024 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
1 | Жітіқара қаласы | 11 шағын аудандағы 1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында |
6 шағын аудандағы 13 үйдің артындағы аялдамада | ||
6 шағын аудандағы 61 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында | ||
5 шағын аудандағы 19 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында | ||
7 шағын аудандағы 1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында | ||
4 шағын аудандағы 12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында | ||
2 шағын аудандағы 19 үйдің артындағы аялдамада | ||
2 шағын аудандағы 29 құрылыстың алдындағы аялдаманың сол жағында | ||
5 шағын аудандағы 8 үйдің оң жағындағы аялдамада | ||
В.И. Ленин көшесіндегі 27 құрылыстың алдындағы аялдамада | ||
Комсомольская көшесіндегі 29 үйдің оң жағындағы аялдамада | ||
2 | Пригородный ауылы | Мира көшесіндегі 20 үйге қарама-қарсы аялдаманың оң жағында |
3 | Большевик ауылдық округінің Тургенов ауылы | Комсомольская көшесіндегі 15 В үйдің оң жағында |
4 | Большевик ауылдық округінің Құсақан ауылы | Центральная көшесіндегі 14 А үйдің оң жағында |
5 | Большевик ауылдық округінің Шевченковка ауылы | 1-Мая көшесіндегі 9 үйдің оң жағында |
6 | Мүктікөл ауылдық округінің Мүктікөл ауылы | Ленин көшесіндегі 6 үйдің сол жағында |
Садовая көшесіндегі 62 үйдің оң жағында | ||
7 | Мүктікөл ауылдық округінің Волгоград ауылы | Производственная көшесіндегі 7 үйдің алдында |
8 | Приречный ауылы |
Днепропетровская көшесіндегі 7 А үйдің сол жағында |
9 | Милютин ауылы | Степная көшесіндегі 174 А үйдің сол жағында |
10 | Забелов ауылы |
Октябрьская көшесіндегі 4 үйдің оң жағында |
11 | Степной ауылдық округінің Степной ауылы |
Минская көшесіндегі 12/1 үйдің сол жағында |
12 | Степной ауылдық округінің Аққарға ауылы | Зайчикова көшесіндегі 1 үйдің алдында |
13 | Чайковский ауылы |
Клубная көшесіндегі 3 үйге қарама-қарсы |
14 | Тоқтаров ауылдық округінің Тоқтаров ауылы | Школьная көшесіндегі 1 үйге қарама-қарсы |
15 | Тоқтаров ауылдық округінің Львов ауылы | Центральная көшесіндегі 9 үйге қарама-қарсы |
16 | Ырсай ауылы | Школьная көшесіндегі "Радуга" дүкеніне қарама-қарсы Школьная көшесіндегі 19 ғимараттың сол жағында Степная көшесіндегі "У Аллы" дүкеніне қарама-қарсы |