"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 54 (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7778 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Бекмухамедов |