Әкімдіктің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 54 "Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 176 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қарашада № 9552 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 54 (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7778 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады