"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 қазандағы № 01-25/453 ұсынысы негізінде Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы "Агрофирма Қарабатыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Әкімнің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 14 тамыздағы № 6 шешімінің (2020 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9379 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Оспанов |