"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 311 қаулысына (2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында реттік нөмірлері 17, 18, 19, 20, 21, 22, 38, 48 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
17 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының № 1 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
18 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
19 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
20 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратында |
21 | Тобыл қаласы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратында |
22 | Тобыл қаласы | Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратында |
";
"
38 | Осинов ауылы | Школьная көшесі, 1 бойынша орналасқан ғимаратта |
";
"
48 | Сормовка ауылы | "Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Сормов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
".
2. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |