Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 13.04.2020 № 511 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармақтарына сәйкес Қостанай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 шешіміне (2016 жылғы 15 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 8), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.";
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Совет Социалистік Республикасы, Беларусь Совет Социалистік Республикасы, Литва Совет Социалистік Республикасы, Латыш Совет Социалистік Республикасы, Эстон Совет Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген басқа да санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
14-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Бурашев |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Аксаутова |