"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Науырзым аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 (2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 14 қарашадағы № 317 (2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | О. Овсянникова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |