Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 шілдедегі № 214 (2014 жылғы 11 қыркүйекте "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5022 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |