Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қарашада № 8743 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналар:

      Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің Янушевка ауылы Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің Владимировка ауылының құрамына;

      Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Шыбынды ауылы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Антоновка ауылының құрамына;

      Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Киров ауылы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің құрамына;

      Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Братское ауылы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Железнодорожное ауылының құрамына;

      Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Күленсай ауылы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Теректі ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      2. Мыналар:

      Қарасу ауданының Целинный ауылдық округі Целинный ауылы және Прогресс ауылы болып;

      Қарасу ауданының Новоселов ауылдық округі Новоселовка ауылы және Құндызды ауылы болып;

      Қарасу ауданының Восток ауылдық округі Восток ауылы, Жұмағұл ауылы, Майское ауылы және Тімтуір ауылы болып;

      Қарасу ауданының Железнодорожный ауылдық округі Железнодорожное ауылы, Теректі ауылы және Жекекөл ауылы болып қайта құрылсын.

      3. Мыналардың:

      Қарасу ауданының Шолақашы ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Целинный ауылы және Прогресс ауылының;

      Қарасу ауданының Ильичев ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Новоселовка ауылы және Құндызды ауылының;

      Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Евгенов ауылының;

      Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Мақсұт ауылының;

      Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Қосағал ауылының және Қ.Тұрғымбаев ауылының бағыныстылығы өзгертілсін.

      4. Мыналар:

      құрамында Жамбыл ауылы және Павловское ауылы бар Қарасу ауданының Жамбыл ауылдық округі;

      құрамында Қарасу ауылы, Восток ауылы, Жұмағұл ауылы, Майское ауылы және Тімтуір ауылы бар Қарасу ауданының Қарасу ауылдық округі;

      құрамында Октябрь ауылы, Железнодорожное ауылы, Теректі ауылы және Жекекөл ауылы бар Қарасу ауданының Октябрь ауылдық округі;

      құрамында Милісай ауылы және Шилi ауылы бар Жангелдин ауданының Шилi ауылдық округі құрылсын.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы О. Даниленко
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады