Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.10.2021 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | А. Ахметбеков |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың 2020 жылғы 28 қазандағы № 419 шешіміне қосымша |
Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,20 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,30 | |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,52 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,78 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,96 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
6 | Ауруханалар | 1 төсек -орын | 5,87 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,10 |
8 | Дәмханалар | 1 отыратын орын | 0,33 |
9 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,14 |
10 | Мұражайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,03 |
11 | Спорт залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,008 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м² | 0,19 |
13 | Базарлар | сауда алаңы 1м² | 0,05 |
14 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,40 |
15 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,13 |
16 | Автотұрақтар, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 2,26 |
17 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,74 |
18 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 5,21 |
19 | Тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,13 |
20 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,16 |
Ескерту:
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр.