"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Шандақ ауылдық округінің Мирное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы" 2008 жылғы 19 қарашадағы № 20 шешіміне (2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Камышин ауылдық округінің Мирное ауылы елді мекенінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";
кіріспеде "Шандақ ауылдық округінің" сөз тіркесі "Камышин ауылдық округінің" сөз тіркесімен ауыстырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Мирное ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:
атауы жоқ № 1 көшеге – Придорожная көшесі;
атауы жоқ № 2 көшеге – Озерная көшесі;
атауы жоқ № 3 көшеге – Целинная көшесі;
атауы жоқ № 4 көшеге – Луговая көшесі;
атауы жоқ № 5 көшеге – Степная көшесі;
атауы жоқ № 6 көшеге – Зеленая көшесі;
атауы жоқ № 7 көшеге – Парковая көшесі;
атауы жоқ № 8 көшеге – Школьная көшесі;
атауы жоқ № 9 көшеге – Северная көшесі;
атауы жоқ № 10 көшеге – Новая көшесі;
атауы жоқ № 11 көшеге – Молодежная көшесі;
атауы жоқ № 12 көшеге – Цетральная көшесі;
атауы жоқ № 13 көшеге – Первомайская көшесі берілсін.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы алынып тасталсын.
2. "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Бексултанов |