Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 20 "Шандақ ауылдық округінің Мирное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 25 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 9683 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Шандақ ауылдық округінің Мирное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы" 2008 жылғы 19 қарашадағы № 20 шешіміне (2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Камышин ауылдық округінің Мирное ауылы елді мекенінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";

      кіріспеде "Шандақ ауылдық округінің" сөз тіркесі "Камышин ауылдық округінің" сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Мирное ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:

      атауы жоқ № 1 көшеге – Придорожная көшесі;

      атауы жоқ № 2 көшеге – Озерная көшесі;

      атауы жоқ № 3 көшеге – Целинная көшесі;

      атауы жоқ № 4 көшеге – Луговая көшесі;

      атауы жоқ № 5 көшеге – Степная көшесі;

      атауы жоқ № 6 көшеге – Зеленая көшесі;

      атауы жоқ № 7 көшеге – Парковая көшесі;

      атауы жоқ № 8 көшеге – Школьная көшесі;

      атауы жоқ № 9 көшеге – Северная көшесі;

      атауы жоқ № 10 көшеге – Новая көшесі;

      атауы жоқ № 11 көшеге – Молодежная көшесі;

      атауы жоқ № 12 көшеге – Цетральная көшесі;

      атауы жоқ № 13 көшеге – Первомайская көшесі берілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы алынып тасталсын.

      2. "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады