Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 2-19/65 ұсынысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының "Гребенюк" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының "Гребенюк" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6688 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық округінің әкімі | Ж. Каирханов |