Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылындағы келесі көшелері:
"Красноармейская" көшесі "Атамекен" көшесі болып;
"Школьная" көшесі "Ардагерлер" көшесі болып;
"Школьный тұйық" көшесі "Атамұра" көшесі болып;
"Новостроительная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Торговая" көшесі "Ақмешіт" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәмәйіт Омаров | |
атындағы ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Сукер |