Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 1-03/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6778 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылындағы келесі көшелері:

      "Красноармейская" көшесі "Атамекен" көшесі болып;

      "Школьная" көшесі "Ардагерлер" көшесі болып;

      "Школьный тұйық" көшесі "Атамұра" көшесі болып;

      "Новостроительная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Торговая" көшесі "Ақмешіт" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәмәйіт Омаров
      атындағы ауылдық
      округінің әкімі Б. Сукер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады