Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 256/31 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы | Т. Шмидт |
Екібастұз қалалық маслихатының хатшысы | Б. Куспеков |