Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 486/63 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 7140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы М. Мусанап
      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах города Экибастуза, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета

Решение Экибастузского городского маслихата Павлодарской области от 23 декабря 2020 года № 486/63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 декабря 2020 года № 7140

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Экибастузский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах города Экибастуза, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Экибастузского городского маслихата по вопросам экономики, бюджета и предпринимательства.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Председатель сессии Экибастузского городского маслихата М. Мусанап
      Секретарь Экибастузского городского маслихата Б. Куспеков