Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы | М. Мусанап |
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |