Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қоянды ауылдық округінің Қоянды, Құрылысшы және Теміртас ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылындағы "Ленин" көшесі "Жас дәурен" көшесі болып қайта аталсын.
2. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Құрылысшы ауылындағы "Строительная" көшесі "Шапағат" көшесі, "Ленин" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.
3. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылындағы "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Железнодорожник" көшесі "Теміржолшы" көшесі болып қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі | А. Хакимов |