Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды, Құрылысшы және Теміртас ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 6747 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қоянды ауылдық округінің Қоянды, Құрылысшы және Теміртас ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылындағы "Ленин" көшесі "Жас дәурен" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Құрылысшы ауылындағы "Строительная" көшесі "Шапағат" көшесі, "Ленин" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылындағы "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Железнодорожник" көшесі "Теміржолшы" көшесі болып қайта аталсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі А. Хакимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады