Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылының келесі көшелері:
"Первомайская" көшесін "Бейбітшілік" көшесі;
"Центральная" көшесін "Арғымақ" көшесі;
"Школьная" көшесін "Мектеп" көшесі;
"Западная" көшесін "Ақжар" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз ауылдық округінің әкімі | Ж. Ибраев |