Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 6735 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылының келесі көшелері:

      "Первомайская" көшесін "Бейбітшілік" көшесі;

      "Центральная" көшесін "Арғымақ" көшесі;

      "Школьная" көшесін "Мектеп" көшесі;

      "Западная" көшесін "Ақжар" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз ауылдық округінің әкімі Ж. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады