Шектеу іс-шараларын тоқтату және Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы "Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Сахатайн Хошут" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-05/7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1-05/26 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 6991 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 2-04/90 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылында орналасқан "Сахатайн Хошут" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы "Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Сахатайн Хошут" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-05/7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6725 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Ж. Жанымхан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жакенов
      2020 жылғы 16 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы Б. Тогаева
      2020 жылғы 16 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Уразалимов
      2020 жылғы 16 қазан

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза от 3 февраля 2020 года № 1-05/7 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Сахатайн Хошут" села имени академика Алькея Маргулана"

Решение акима села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза Павлодарской области от 19 октября 2020 года № 1-05/26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 октября 2020 года № 6991

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления исполняющего обязанности главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора города Экибастуза от 16 сентября 2020 года № 2-04/90, аким села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллеза среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Сахатайн Хошут", расположенного в селе имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза.

      2. Признать утратившим силу решение акима села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза от 3 февраля 2020 года № 1-05/7 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Сахатайн Хошут" села имени академика Алькея Маргулана" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6725, опубликовано 13 февраля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким села имени академика Алькея Маргулана Ж. Жанымхан
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Экибастузская
      городская территориальная
      инспекция Комитета ветеринарного
      контроля и надзора Министерства
      сельского хозяйства Республики
      Казахстан" Т. Жакенов
      16 октября 2020 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющий обязанности
      руководителя республиканского
      государственного учреждения
      "Экибастузское городское
      Управление контроля качества
      и безопасности товаров и услуг
      Департамента контроля качества и
      безопасности товаров и услуг
      Павлодарской области Комитета
      контроля качества и безопасности
      товаров и услуг Министерства
      здравоохранения Республики
      Казахстан" Б. Тогаева
      16 октября 2020 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел ветеринарии
      акимата города Экибастуза" Е. Уразалимов
      16 октября 2020 года