Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Сахатайн Хошут" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1-05/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 6725 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1-05/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің 19.10.2020 № 1-05/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 2-04/129 ұсынысы негізінде, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Сахатайн Хошут" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Екібастұз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Академик Әлкей Марғұлан
      атындағы ауыл әкімі Ж. Жанымхан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жакенов
      2020 жылғы "30" қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы К. Токатов
      2020 жылғы "30" қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Уразалимов
      2020 жылғы "30" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады