Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 10/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Т. Таскенов |
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Ташенев |