Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы әкімінің 2019 жылғы 3 мамырдағы "Баянауыл ауданының кейбір ауылдық округтері аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6333 болып тіркелген, 2019 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К. К. Абылгазинге жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | К. Каримов |