Баянауыл ауданы әкімінің 2019 жылғы 3 мамырдағы "Баянауыл ауданының кейбір ауылдық округтері аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 6788 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы әкімінің 2019 жылғы 3 мамырдағы "Баянауыл ауданының кейбір ауылдық округтері аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6333 болып тіркелген, 2019 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К. К. Абылгазинге жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі К. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады