Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 2-19/209 ұсынысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Қоңқашбай учаскесінде орналасқан "Ораз" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 маусымдағы "Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Қоңқашбай учаскесінде орналасқан "Ораз" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-17/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкімі | А. Аманжолов |