Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Қоңқашбай учаскесінде орналасқан "Ораз" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 1-17/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 6852 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1-17/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 13.10.2020 № 1-17/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 2-19/110 ұсынысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Қоңқашбай учаскесінде орналасқан "Ораз" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі А. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады