Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 30.12.2020 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 1-13/306 ұсынысы негізінде, Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан ауылдық округінің әкімі | Ж. Сатканов |