Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 6964 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 30.12.2020 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 1-13/306 ұсынысы негізінде, Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ж. Сатканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады