Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 қазандағы № 2-19/535 ұсынысы негізінде, Ағашорын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі "Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03-08 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6963 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ағашорын ауылдық округінің әкімі | Н. Калиев |