Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 11.12.2020 № 1-03-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 2-19/460 ұсынысы негізінде, Ағашорын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ағашорын ауылдық округінің әкімі | Н. Калиев |