Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының келесі көшелері:
"Школьная" көшесі "Бірлік" көшесі;
"Целинная" көшесі "Береке" көшесі;
"Комсомольская" көшесі "Ақжүрек" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Е. Абдраев |