Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 1-28/82 ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің Төсағаш ауылында орналасқан "Кайрат" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі "Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің Төсағаш ауылында орналасқан "Кайрат" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6814 болып тіркелген, 2020 жылғы 04 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауылдық округінің әкімі | Т. Касенов |