Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27- бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Ж. Шугаев |
Павлодар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашасы № 386/11 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квотаның мөлшері (жұмыскелердің тізімдік санынан), % | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, бірлік |
1 | Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 335 | 1 | 3 |
2 | "Ертіс" шаруа қожалығы | 110 | 1 | 1 |
3 | "Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 163 | 1 | 2 |
4 | "Кирова" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 211 | 1 | 2 |
5 | "Маяк" шаруа қожалығы | 112 | 1 | 1 |
6 | "Луганск" өндірістік кооперативі | 248 | 1 | 2 |