Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 2-36/340 ұсынысы негізінде, Кемеңгер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6927 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |