Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 1-03-4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 тамызда № 6927 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 1-03-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 25.11.2020 № 1-03-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 2-36/298 ұсынысы негізінде, Кемеңгер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеңгер ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады