Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі "Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы" № 225/48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 315/63 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 6958 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі "Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы" № 225/48 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарда 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Топырақ жамылғысы оңтүстік қара топырақ аймағымен және күңгірт-құба топырақты құрғақ дала аймағымен ұсынылған. Топырақ негізінен кешендер, үйлесімдер мен дақтылықтар түрінде жатыр, оларда гумус құрамы төмен, фосфор мен азоттың жылжымалы нысандарымен әлсіз қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген.

      20 тұқымдастыққа және 70 түрге жататын кең таралған гүлді өсімдіктердің шамамен 90 түрі бар. Кеңінен үш тұқымдастық: дәнді, күрделігүлділер, алаботалар, сондай-ақ бетеге, көде, жіңішке дұғаш, әр түрлі жусанның түрлері таралған.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнерді құрайды.

      Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы Е. Горбатюк
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

О внесении изменения в решение Успенского районного маслихата от 29 июля 2019 года № 225/48 "Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Успенскому району на 2019 - 2020 годы"

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 18 сентября 2020 года № 315/63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 сентября 2020 года № 6958. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8, статьей 13 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Успенского районного маслихата от 29 июля 2019 года № 225/48 "Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Успенскому району на 2019 - 2020 годы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6497, опубликовано 15 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Плане по управлению пастбищами и их использованию по Успенскому району на 2019 - 2020 годы утвержденного указанным решением пункт 5 изложить в новой редакции:

      "Почвенный покров представлен зоной южных черноземов и сухостепной зоной темно-каштановых почв. Почвы, в основном, залегают в виде комплексов, сочетаний и пятнистостей, содержание гумуса в них невысокое, слабо обеспечены или не обеспечены подвижными формами фосфора и азота.

      Насчитывается примерно 90 видов широко распространенных цветковых растений, относящихся к 20 семействам и 70 родам. Наибольшее распространение получили три семейства: злаковые, сложноцветные, маревые, также типчак, ковыль, тонконог тонкий, различные виды полыни.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 3,5 центнеров.

      Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 180-200 дней.".

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Успенского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Успенского районного маслихата Е. Горбатюк
      Секретарь Успенского районного маслихата Р. Бечелова