Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 91/27 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5660 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Н. Жакупова |
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Шпехт |