Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 25.04.2022 № 80/1 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Ішкі сауда қағидаларының бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген), Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жана редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 21.11.2024 № 244/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 25.04.2022 № 80/1 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Қ.З. Байжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауданының әкімі | А. Абеуов |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсаны № 311/3 қаулысына қосымша |
Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 25.04.2022 № 80/1 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Нақты орналасу орны | Алатын алаңы, шаршы метр | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы |
1 | Шарбақты ауылы, Малайсары Тархан көшесі, № 24 ғимаратының оң жағында | 84 | 5 | "Береке" дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
2 | Шарбақты ауылы, 1 Май көшесі, орталық базарға қарама-қарсы | 90 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
3 | Александровка ауылы, Жеңіс көшесі, "Абая" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наубайханасына қарама-қарсы | 150 | 5 | "Шуганова" жеке кәсіпкерінің дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
4 | Орловка ауылы, 1 Май көшесі, "Сушко" жеке кәсіпкерінің дүкенінің оң жағында | 70 | 5 | "Сушко" жеке кәсіпкерінің дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
5 | Сосновка ауылы, Ворошилов көшесі, "БерҰзка" дүкенінің сол жағында | 30 | 5 | "БерҰзка" дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
6 | Галкино ауылы, Ленин көшесі, "Колтаева" жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы | 100 | 5 | "Колтаева" жеке кәсіпкерінің дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
7 | Шалдай ауылы, Ленин көшесі, "Радуга" дүкеніне қарама-қарсы | 80 | 5 | "Радуга" дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
8 | Хмельницкое ауылы, Мира көшесі, "Ягусевич" жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы | 30 | 5 | "Ягусевич" жеке кәсіпкерінің дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |