"Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 80/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27823 болып тіркелді

      Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 "Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7092 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты ауданының әкімі А. Абеуов

  Шарбақты ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
25 сәуірдегі № 80/1
қаулысына қосымша
  Шарбақты ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
10 желтоқсандағы № 311/3
қаулысына қосымша

Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Р/с №

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

1

Шарбақты ауылы, Малайсары Тархан көшесі, № 24 ғимаратының оң жағында

84

5

"Береке" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

2

Шарбақты ауылы, 1 Май көшесі, орталық базарға қарама-қарсы

90

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

3

Александровка ауылы, Жеңіс көшесі, "Абая" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наубайханасына қарама-қарсы

150

5

"Шуганова" жеке кәсіпкерінің дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

4

Орловка ауылы, 1 Май көшесі, "Сушко" жеке кәсіпкерінің дүкенінің оң жағында

70

5

"Сушко" жеке кәсіпкерінің дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

Сосновка ауылы, Ворошилов көшесі, "БерҰзка" дүкенінің сол жағында

30

5

"БерҰзка" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

6

Галкино ауылы, Ленин көшесі, "Колтаева" жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы

100

5

"Колтаева" жеке кәсіпкерінің дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

7

Шалдай ауылы, Ленин көшесі, "Радуга" дүкеніне қарама-қарсы

80

5

"Радуга" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

8

Хмельницкое ауылы, Мира көшесі, "Ягусевич" жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы

30

5

"Ягусевич" жеке кәсіпкерінің дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады