Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 3/399 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған
қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерін бекiту туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3/428 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1185 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 10 шілдедегі № 3/431 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1186 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Арнайы білім беру саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 3/437 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1184 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
4. Алматы қаласы әкімдігінің "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы" 2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1204 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
5. Алматы қаласы әкімдігінің "Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы" 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/542 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1210 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
6. Алматы қаласы әкімдігінің "Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1229 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
7. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1234 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
8. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 2 маусымдағы № 2/244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1294 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
9. Алматы қаласы әкімдігінің "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1295 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
10. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3/428 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 3/365 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1304 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
11. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/381 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1309 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
12. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/542 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/382 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1310 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
13. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/383 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1311 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
14. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 15 тамыздағы № 3/387 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1312 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
15. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/398 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1415 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
16. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерін бекiту туралы" 2015 жылғы 8 шiлдедегi № 3/428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/399 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1416 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
17. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/400 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1417 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
18. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Арнайы бiлiм беру саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 13 шiлдедегi № 3/437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1418 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
19. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 1 қарашадағы № 4/457 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1426 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
20. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 2/148 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1472 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
21. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/252 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 20 тамыздағы № 3/499 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1583 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).