Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 3/431 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 1186 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/399 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 29.09.2020 № 3/399 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуiрдегi "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 170 "Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

      2) "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы


әкімінің міндетін атқарушы

Ю.Ильин


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 3/431 қаулысымен
бекітілді

"Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша
бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты(бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берукөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет ақылы және тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңында көзделген бiлiм алушылар санатына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн немесе жеңiлдiк негiзiнде ақылы түрде көрсетiледi.

      Мемлекет әлеуметтiк көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың бiлiм алуы кезеңiнде қаржылау шығыстарын толық немесе iшiнара өтейдi.

      Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

      1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) көп балалы отбасылардың балалары;

      4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;

      5) жалпы және санаторийлiк үлгiдегi мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балалар;

      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;

      8) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтiру емiн және медициналық оңалту көрсететiн ұйымдарда оқитын балалар;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет құнын Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Бiлiм беру қызметтерiне ақы төлеу екiншi деңгейдегi банктер мен жекелеген банктiк операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):

      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы арқылы құжаттарды қабылдауы және өтiнiштi тiркеуi, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут;

      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.

      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;

      2) балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау;

      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;

      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.

      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшпен қоса Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;

      2) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiш түскен соң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мынадай мәлiметтердi көрсетiп, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi: сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұралатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiнiң аты-жөнi, әкесiнiң аты және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымына қабылдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.

      10.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

      2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбi күндерi аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң

      анықтамалығы



  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 3/431 қаулысымен
бекітілді

"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің құжаттарды қабылдауы, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.

      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;

      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.

      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшпен қоса Стандарттың қосымшасында көрсетілген конкурсқа қатысу критерийлеріне сәйкестігін растайтын материалдарды береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетiлетiн қызметтi алушының конкурсқа қатысу туралы өтініш қабылдағаннан кейін өтінішті қабылдау нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбi күндерi аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Орта білім беретін үздік ұйым"
грантын тағайындау конкурсына қатысу
үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң

      бизнес-процестерiнiң анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады