Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-9) тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль қоятын орындарына, паркингтеріне) сараланған тариф белгіленсін.
2. "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі 2020 жылғы 16 қарашасы № 4/504 Қаулысына қосымша |
Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль
қоятын орындарына, паркингтеріне) белгіленген сараланған тариф
№ р/с | Тариф қолданылатын аумақ | Көлікті тұраққа қоюдың 1 сағаты үшін тариф |
1 | Мақатаев көшесі: Пушкин көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501) |
|
2 | Жібек жолы даңғылы: Пушкин көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501) | |
3 | Зенков көшесі: Жібек жолы көшесінен Гоголь көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501) | |
4 |
Достық көшесі: Жібек жолы көшесінен Гоголь көшесіне дейін, | |
5 | Зенков көшесі: Мақатаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501) | |
6 | Пушкин көшесінің шығыс жағы: Мақатаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501) |