Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль қоятын орындарына, паркингтеріне) сараланған тариф белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 4/504 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қарашада № 1662 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-9) тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль қоятын орындарына, паркингтеріне) сараланған тариф белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының
әкімі 2020 жылғы
16 қарашасы № 4/504
Қаулысына
қосымша

Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль
қоятын орындарына, паркингтеріне) белгіленген сараланған тариф

№ р/с

Тариф қолданылатын аумақ

Көлікті тұраққа қоюдың 1 сағаты үшін тариф

1

Мақатаев көшесі: Пушкин көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501)

 
 
 
150 теңге

2

Жібек жолы даңғылы: Пушкин көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501)

3

Зенков көшесі: Жібек жолы көшесінен Гоголь көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501)

4

Достық көшесі: Жібек жолы көшесінен Гоголь көшесіне дейін,
(көлік қоятын аймақ 1501)

5

Зенков көшесі: Мақатаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501)

6

Пушкин көшесінің шығыс жағы: Мақатаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін, (көлік қоятын аймақ 1501)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады