Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.08.2023 № 3/457 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы № 1/79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1613 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |